Басты бет/Кері байланыс

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақжар ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Балапан» балалар бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

«Балапан» бөбекжайының құрылтайшысы және оған қатысты мемлекеттік құқықты реттейтін мемлекеттік меншік иесі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі кәсіпорынның болып табылады.

«Балапан» бөбекжай-бақшасы 2014 жылы 10 сәуір №114 Ақжар ауданының әкімдігінің қаулысы бойынша құрылған. 2020 жылдың 21 желтоқсанындағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № 341 «Мүлікті қабылдауыдың кейбір мәселері туралы» Қаулысына сәйкес,білім беру мекелерін басқару және бюджеттік әкімшелендіру функцияларын ауданнан облыстық денгейге ауыстыруға байланысты Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақжар ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Балапан» балалар бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылды.

Мекеме типті, блокты екі қабатты ғимаратта орналасқан.

Проектік күші – 80 орын.

Балабақша меңгерушісі: Нурмаганова Кунсулу Аманжоловна

Білімі: жоғары, Ақжар аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының 14 ақпан 2016 жылғы № 66 бұйрығымен тағайындалған.


«Балапан» балалар бөбекжай бақшасы 2015 жылы Ақжар ауданы, Кулыкөл ауылында типтік жобамен Мемелекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын атауымен 80 балаға арналған.Оқу-тәрбие жұмысын 4 тәрбиеші,1дене шынықтыру нұсқаушысы,1 музыка жетекшісі,психолог атқарады.

Екі қабатта орналасқан балабақшаның бөлмелері кең, жайлы.Бүлдіршіндер мекені қазіргі заман үлгісіндегі жиһаздармен, сапалы тәрбие мен білім беруге қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.Аумағы кең аулада балалардың ойнап, бойларын сергітуіне, түрлі спорттық жаттығулар жасауларына ыңғайлы алаңқайлар жабдықталған. Сонымен қатар балабақша аумағында бүлдіршіндерді еңбекке баулуға арналған бау-бақша мен гүлзарлар бар. Балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстары еліміздің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бағдарламалары негізінде,жүйелі,өз деңгейінде жүргізілуде.Мектепалды білім беру жүйесі – бүгінгі күні жан-жақты, көпсалалы, ата-аналардың сұрауларына жауап беретін, мектепалды білім беру сапасын көтеретін бірден-бір орын.Сондай-ақ әрбір қызметкер алдында тәрбие, білім беру саласында жұмыс мазмұнын қайта қарау, баланы дамытудағы жаңа жолды іздеу мәселелері тұр.Мекеме тәрбиешілері мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде жаңа технологиялар арқылы дамыту ойындарын балалардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға ықпалы зор екенін түсінеді. Бір ойын көмегімен бірнеше мақсат-міндеттерді қамтамасыз етеді. Бала ойнап отырып-ақ сандар мен әріптерді үйренеді . Ұсақ моторикасы, сөйлеу тілі, байқау, есте сақтау, көру қабілеттері дамиды.Бүлдіршіндердің қабілеттерін шыңдау үшін ән-күй, сахналау жұмыстары да қосымша өткізіледі.Өзінің міндетіне асқан жауапкершілікпен қарайтын кәсіптік деңгейімен,ішкі мәдениетімен,әдептілік ұстамымен ерекшеленеді.Мамандарының белсенді қызмет жасауына мүмкіндік туғызып,әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсете білгенінің арқасында балабақша ұжымы мектепке дейінгі мекемелер арасында өтетін аудан аралық, облыстық, республикалық деңгейлердегі байқаулардан тыс қалмайды. Бұған балабақша тәрбиеленушілерінің, педагогтардың жетістіктері нақты дәлел.

Әр кәсіптің өз жемісі бар.Біздің жемісіміз-біз тәрбиелеп отырған бүлдіршіндер. «Балапан» балалар бөбекжай балабақша ұжымы қазіргі заманға сай қабілетті және шығармашыл, өз мүмкіндігін біліп,өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті,ақылды да өнегелі,рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы мен азаматшалары болсын!

Мекен-жайы: 150212, ҚР, СҚО, Ақжар ауданы, Кулыколь ауылы, Совет көшесі 5

Телефон: 8 (71542-51-316)

Электронды адрес balapan-bb@sqo.gov.kz


Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы (ZIP 281 Kb)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫ МЕН МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРЫНДА 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ «Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылады (2022 жылғы 26 шілдедегі №7 хаттама).

2019-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасы (ZIP 1712 Kb)

Мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (5 жастағы балалар) (DOCX 28 Kb)


Кері байланыс

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Кулыколь селосы, Совет көшесі, 5-ші үй.

Меңгеруші — Нурмаганова Кунсулу Аманжоловна 8-702 7272736, 51-316.

Бухгалтер — 51-191

Электронная почта — balapan_sad2015@mail.ru

Instagram — detsad.balapan