Баланы мектепке дайындауға кеңес

Сіздің балаңыздың оқушы атағын алатын уақыт та жақындап қалды. Осыған байланысты ата-аналардың  мазасы кетіп, қобалжы бастайды, баламыз не біліп, не істей алуы деген сұрақтар мазалайды. Балабақшада  бала санау, оқу ойлауды, есте сақтауды, зейін аударуды отыру үйренеді. Баланы мектепке дайындауда негізгі рөлді ата-ана атқарады. Көп жерлерде баланың даму сатысы, тәрбиесі сіздерден  бастау алады.  Бұл жерде аса тым күш салып жібермеу қажет. Кейбір ата-аналар балаларын сәби кезден-ау жақсы оқитын, білгір жасағысы келеді. Ақырында бала зардап шегеді.

Мектепке дайындыққа не жатады? Мектепке дайындалған бала көп білім мен үйреншікті қабілеттерге ие болып, оларды қолдана білуі керек.

Ең алдымен бала физикалық дайын болу керек. Ол ушін денсаулығы мықты болып, мектеп бағдарламасын  өтеуге  лайық болу керек. Ал баалады кейбір психикалық ауытқулар сезіліп, көрінсе, денсаулығында өзгерістер, кемшіліктер байқалса,  ата-ана мұны мойындап баланы арнайы түзетуге арналған коррекциялық мектепке беруі керек. Физикалық дайындыққа баланың қозғалыс жүрісі мен саусақ қозғалысы жатады. Бала қай қолда, қалай қалам ұстау керектігін білуін керек. Негізгі гимнастикалық ережелерді ұстану керек: үстел басында дұрыс отыруы керек, және т.б.

Екіншіден, бала психикалық дайын болуы керек. Бала бірінші сыныпта өзі мектептің ішінде, белгілі кеңістікте жүре алуы керек, сонымен қатар үйден шығып дүкенге баруы керек. Бала жаңа білім алуға талпынып білімпаз болу керек.  Білім баланың  есте сақтау, ойлау қабілетіне сәйкес болу керек. Жеке тұлға дайындығы өзімен қатар жасты балалармен араласа алуға көмектеседі, басқаларды бағалап, қиын жағдайлардан шығуды білу керек, үлкенді тыңдап, жақсы мен жаманды айыра алуды есте сақтау керек.

Мұғалімнің қойған міндеттерін қабылдап, зейін қойып тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрау керек. Баланың мектепке дейінгі эмоциалды-ерік дайындығы дегеніміз:

  • мектепке не үшін баратынын, оқуға деген қызығушылығын барын білу керек;
  • баланың ұнамсыз тажырмаларды орындау керектігі, себебі ны мектеп бағдарламасы талап етеді;
  • орында отыру, берілген уақыт бойы зейін қойып тыңдап, тажырмаларды  орындап, ешқайда көңіл бөлмей бір орында отыра білуі.

Сіздің балаңыз бірінші  сыныпқа қуанышпен бару үшін, мектепке дайын болып, кейбір кепілдемелерді тыңдағандарыңыз жөн:

  • Балаңыздан көп талап етпеңіз.
  • Бала қателік жасауға құқығы бар, себебі әр адам қателеседі.
  • Балаңызды  көтерімі тым жоғары болмағанын  қадағалаңыз.
  • Балаңызда қателіктер мен кемшіліктер байқасаңыз, арнайы мамандардан көмек сұрауға қорықпаңыз: логопед, психолог, т.б.
  • Оқу демалыспен ұштасып, ұласу керек.
  • Балаңыз күн тәртібін қадағалап отырыңыз, бала белгілі  бір уақытта оянып, ұыйқтауы керек.
  • Ас қабылдауы сәйкес болуы керек.
  • Балаңыз әр жағдайға қалай жауап бергенін байқап отырыңыз.
  • Үй жұмысын орындауға түгел жағдай жасаңыз.
  • Балаңыз үй жұмысын аяқталмай, шаршаса, балаға біраз уақыт демалуға руқсат етіп, демалғаннаң соң қайта сол үй жұмысына қайтыңыз.
  • Бала үй жұмысын орындаудан бас тартса, оны қызықтырып, бір айласын табыңыз.
  • Балаңызға далеу кеңістігін жасаңыз.
  • Балаңызға өзіңіздің қалай оқып, қалай бірінші сыныпқа барғаныңызды айтып беріңіз.
  • Мектепке деген козқарасын дұрыс жасаңыз.
  • Балаңыз «сиқырлы сөздерді» қолданама, соны байқаңыз: рақмет, кешіріңіз, сау болыңыз, сәлеметсіз бе т.б.
  • Балаңыз мектеп табалдырығын аттанғаннан бастап өмірдің келемі сатысына көтеріліңіз. Бұл сатыда балаңыз қуанышқа бөлеліп, түгел оқу бойы осындай коңілді мезетке толы болатынына жағдай жасаңыз. Бала әрқашан сіздің барыңызды, көмегіңізді сезініп, әр қиындықта сізден көмек сұрауға болатынын білуі керек. Балаңызға дос, дана, кеңесші болыңыз. Сонда ғана сіздің балаңыз жеке тұлғы болып, келешекте мақтанышыңызға айналады.
02.11.2021
Қаралым саны: 96