Стресс дегеніміз не?

Алғаш рет стрессті ғылыми тұрғыда Канадалық ғалым Ганс Селье сипаттаған. Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «Кернеу, қысым» дегенді білдіреді. Ол тәннің қоршаған орта тарапынан жасалған оқыс әсерге жауабын анықтатады. Яғни стресс тосын жағдайда қанға қажетті гармондардың жедел іске қосу,басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.

Ғалымның айтуынша,стресстің негізінен алғанда мынадай үштік белгісі бар:

  1. (Бастапқы кезең), «Үрей сатысы» бұл қысымның алдында болатын кезең. Мысалы,бұдан былайғы тағдырыңызды шешетін сынақ алдындағы толғаныс. Бұл кезеңде стресстік салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады,егер осы кезде үрейге төтеп бере алмасаңыз өліп кетуіңіз мүмкін. Мұндай жағдайда шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Әли Ибн Сина тарапынанда баяндалады. Ол мынандай қызық жайтты сипаттайды. Екі қойдың қасына торға салынған қасқыр қойылады.Сонда жыртқыштың тура қақ маңдайына байланған қой қорқыныштан (стресс) көп ұзамай өліп кетеді.
  2. Стресстітің жүзеге асуы.

Ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске түсуі арқылы орындалады. Қажетті арнағабағытталған қуат қиындықты жеңуге көмектеседі. Сол арқылы алғашқы қорқыныш сезімін жеңесің. Ал егер қысым ұзақ уақыт бой бермесе,тән мүмкіндігі шектеулі болғандықтан оған төтеп бере алмайды. Ұзақ стресс және қиын жағдайдан шығу мүмкіндігінің жоқтығы жүйке стрессіне душар етеді.Организм өзінің бейімделу мүмкіндіктерін тауысады.Гиперстресс немесе дистресс соматикалық адреналдық жүйенің қорларын құртады. Ал қысқа мерзімді стресстер тәннің белсенділігін арттырып ширатады. Мысалы,спортшы жарысқа қатысу,артист сахнаға шығу кезінде толқу сезімін жеңу арқылы табысқа қол жеткізеді.

  1. Постресс – діңкенің құру кезі.Ұзақ уақытқа созылып,жүйкеге үздіксіз қысым жасалуы әбден діңкелетіп денсаулықты бұзады. Стресстен тек жүрек талмасы,қан қысымы,невроз не болмаса жүйке аурулары ғана емес асқазанның ойық жарасы туындайды.  
02.11.2021
Қаралым саны: 121