Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың, жеке ерекшелігін, психикалық процестрін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбилеу. Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:
- Отбасында баланың өсіп жетілінуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту , бекіту.
- Тазалық дағдыларын қлыптастыру.
- Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй шарушылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне- өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
- Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған - туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
- Оқудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.
- Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.
- Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
- Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.
- Бақылау, тексеру, бағалау.
- Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т.б. баулу.
- Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.
02.11.2021
Қаралым саны: 107
Қаралым саны: 107