Ата-анаға психологиялық кеңес

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың, жеке ерекшелігін, психикалық процестрін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбилеу. Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:

  • Отбасында баланың өсіп жетілінуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту , бекіту.
  • Тазалық дағдыларын қлыптастыру.
  • Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй шарушылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне- өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
  • Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған - туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
  • Оқудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.
  • Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.
  • Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
  • Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.
  • Бақылау, тексеру, бағалау.
  • Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т.б. баулу.
  • Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.
02.11.2021
Қаралым саны: 109